Динара Сәтжанқызы Байсеркина
1974 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі:
- 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
- Медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек қызметі:
Еңбек жолын Қарағанды қ. Аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталығында акушер-гинеколог дәрігер ретінде бастады, содан кейін Қарағанды қаласының гинекологиялық бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері болды.
- 1998 жылдан 1999 жылға дейін Булаев АОА отоларинголог дәрігері, 1999 жылдан 2000 жылға дейін Петропавл қаласының перинаталдық орталығының оңалту бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді. 2000 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы «Демеу» үлгілі отбасылық дәрігерлік амбулаториясы МКҚК акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді.
- 2010-2011 жылдары Астана қаласының Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі, кейін Астана қаласының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
- 2012-2013 жылдары – Астана қаласы «Медикер» ЖШС медицина орталықтарының жұмысын ұйымдастыру департаментінің директоры, 2013-2015 жылдары-Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 6 қалалық емхана» МКК ақылы бөлімінің меңгерушісі.
- 2015-2016 жылдары-Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 6 қалалық емхана» МКК балалар және босандыру жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары.
- 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ
«№ 6 қалалық емхана» МКК директоры.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі;
- «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі.
«AMANAT» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7 (7172) 43-37-48
E-mail: dinara.bayserkina@mail.kz