
Динара Аманболқызы Оразалина
1978 жылы 31 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
- 1995 жылы орта мектепті алтын медальға үздік бітірді.
- 2001 жылы Алматы қ. Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірген, мамандығы« Емдеу ісі», біліктілігі «дәрігер».
- 2002 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясында интернатураны бітірді, мамандығы «Терапевт».
- 2004 жылы Астана қаласы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын бітірген, мамандығы «Провизор».
- 2017 жылы Астана қаласындағы Almaty Management University – де магистратураны бітірді, мамандығы «Master of business administration (MBA)».
- 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін PhD докторантурада оқиды.
Еңбек өтілі:
- 1999 жылдан 2001 жылға дейін университетте оқу кезінде реанимация мейірбикесі болып жұмыс істеді.
- 2002-2003 жылдары «Диасорб» медициналық орталығында дәрігер болып жұмыс істеді.
- 2003-2005 жылдары ҚР ҰҚК республикалық емханасында дәрігер-терапевт болып жұмыс істеді.
- 2005 жылдан 2006 жылға дейін ҚР ҰҚК Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының терапевт-сарапшы-дәрігері болып жұмыс істеді.
- 2006 жылдан 2010 жылға дейін «Диасорб» медициналық орталығы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2010 жылдан 2017 жылға дейін «Диасорб» медициналық орталығының бас дәрігері болып жұмыс істеді.
- 2017 жылдан 2019 жылға дейін ҚР ДСМ «Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық Клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2019 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық Клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директоры болып жұмыс істейді.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- 2018 жылы ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
«Nur-Otan» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7-7172-32-79-95
E-mail: hospital_kz@med.mail.kz