Ғабит Қалиұлы Тәжімұратов
1972 жылы 23 наурызда дүниеге келген.
Білімі:
- 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік азаматтық авиация техникалық университетін (Мәскеу қ., РФ) «Ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – «Инженер-механик».
- 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде «Заңгер» мамандығын алған. (Алматы қ. ҚазҰУ).
- 2018 жылы Халықаралық Бизнес мектебінің іскерлік әкімшілік магистрі (IBS Astana және «EU») дәрежесіне ие.
Еңбек жолын Мәскеу қаласында әртүрлі ұйымдарда № 19 су, РЭУ-5 жұмысшысы болып бастаған (1991 ж.).
Мамандығы бойынша еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік авиация тіркелімінің пайдаланушыларын сертификаттау бөлімінің (бұдан әрі - ҚР ККМ) жетекші сарапшысы болып бастады.
ҚР КжКМ мемлекеттік авиациялық тіркелімінің таратылуына байланысты 1999 жылы «Қазавиасертификация»ЖАҚ-қа (Алматы қ.) коммерциялық әуе көлігі мен жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың техникалық аудит жөніндегі бөлімінің бас сарапшы-аудиторы лауазымына ауысты.
2001 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР ККМ Заң департаментінің Көлік және коммуникация министрлігі органдары жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2001 жылғы қарашадан бастап 2010 жылғы ақпанға дейін ҚР ККМ жүйесінде, авиакомпаниялардың қызметін реттеу бөлімінің бастығы, азаматтық авиация комитетінің авиакомпаниялардың қызметін реттеу, әуе кеңістігін пайдалану, Экономика және қаржы басқармасының бастығы, Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаментінің азаматтық авиацияны дамыту басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2010 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің көліктік және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі лауазымына ауысты.
2014 жылдың сәуірінен 2015 жылдың қыркүйегіне дейін «AirportManagementGroup» ЖШС бас директорының орынбасары (9 мемлекеттік әуежай желісін басқарушы компания).
2015 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы желтоқсанға дейін «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, операциялық қызмет, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор.
2019 жылғы 28 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істейді.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген авиаторы,
- ҚР Президентінің, Астана қаласы әкімінің алғыс хаттары,
- сондай-ақ «Nur Otan» партиясының басшылығынан, Парламент Мәжілісінің Төрағасынан, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың грамоталары.
- «Құрметті авиатор» төсбелгісімен марапатталған (2015).
Үйленген, үш баласы бар.
2018-2019 жылдары «Nur Otan» Партиясы елордалық филиалының партиялық Бақылау комитетінің мүшесі.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «AMANAT» Партиясының кадр резервінде тұр.
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7 (7172) 77-72-22
Е-mail: g.tazhimuratov@nn-airport.kz