Ерлан Батташұлы Сыдықов
1956 жылы 29 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген.
Білімі:
- 1978 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.
- 1984 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.
- 1996-1999 жылдары-ҚР ҰҒА Тарих және этнология институты.
- 2002-2004 жылдары-Қазақ гуманитарлық заң университеті, мамандығы - «Құқықтану».
Жамбыл ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының Семей филиалында стажер-зерттеуші, Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының «Саяси тарих» кафедрасының меңгерушісі, коммерциялық және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің консультанты, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры болып жұмыс істеді.
2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі -академик, вице-президенті (2014). «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2005), Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2009), Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Құрметті азаматы (2011).
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- II дәрежелі "Барыс" ордені (2015),
- "Парасат" ордені (2010),
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2016),
- "Конституциялық заңнаманы дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі (2013).
Мерейтойлық медальдар:
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001),
- "Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл" (2005),
- "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011),
- "Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл" (2015),
- Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік "алтын медалі" қоғамдық марапаты (2013),
- "Қазақстан мәслихаттарына - 20 жыл" (2014),
- "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" (2015),
- "Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін" ТМД ПАА медалі (2015),
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы (2016).
Астана қаласы мәслихатының бесінші және алтыншы сайланымның депутаты.
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7 (7172) 70-95-09, +7 (7172) 70-95-06
Е-mail: rector@enu.kz