Асқар Сайлаубекұлы Смағұлов
1970 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Искра ауылында дүниеге келген.
1987 жылы Ақмола облысы Макинск қаласының № 1 орта мектебін бітірді.Сол жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының «Экономика» факультетіне оқуға түсті.
1988-1989 жылдар аралығында Кеңес Армиясы қатарында, Қызыл Тулы Ортаазиялық әскери округте, Приозерск қаласында ӘШҚҚ әскерінде қызмет атқарды. Қызметін аға сержант атағымен аяқтады, «Жауынгерлік және саяси дайындық үздігі» белгісімен марапатталды.
Әскердегі қызметінен кейін Целиноград ауыл шаруашылығы институтында оқуын жалғастырды. Оқудағы жоғары көрсеткіштері мен өте жақсы ұйымдастырушылық қабілеттері үшін институттан Германия Федеративтік Республикасына, Ансбах ауыл шаруашылығы мектебіне алты айлық тағылымдамаға жіберілді.
1993 жылы институтты «Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша үздік аяқтады.
2003-2005 жылдар аралығында Халықаралық Бизнес Академиясында оқыды. MBA дәрежесін бере отырып, үздік диплом алды. 2005 жылдың үздік тыңдаушысы болып танылды.
2012-2015 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті жанындағы Халықаралық Бизнес мектебі жанындағы DBA докторлық бағдарламасы бойынша Еуропалық университетпен бірге оқуын аяқтады. Іскерлік әкімшілендіру докторы академиялық дәрежесі берілді.
Еңбек жолын институтта оқумен қатар 1992 жылы бастады, Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі облыстық комитетке жетекші маман лауазымына қабылданды.
1993 жылы Облыстық жастар ісі жөніндегі комитеттің Жастар кәсіпкерлігін қолдау қорының директоры болып тағайындалды.
1994 жылы «Есіл» АҚ бас экономисі қызметіне ауысты.
1997 жылы «Проминвест» АҚ вице-президенті болып тағайындалды.
1999 жылдан 2015 жылға дейін «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ қаржы директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдарын атқарды.
2011 жылдан бастап «Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалын басқарады.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- "Құрмет" орденімен марапатталған,
- "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен»,
- "Астананың 20 жылдығы»,
- "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл".
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7-701-221-11-11
E-mail: askar_smag@mail.ru