Сергеев Владислав Алексеевич
Білімі:
- Саясаттанушы, Еуразия ұлттық университетінде білім алған, экономика магистрі. Германияда білім алған.
2016 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың маусымынан бастап астаналық Азаматтық альянстың президенті қызметін атқарды.
Өзінің партиялық қызметін 2003 жылы «Отан» партиясының еріктісі ретінде бастады. Бір жылдан кейін Астана қаласының «Жас Отан» жастар қанатын басқарды.
2007 жылғы сайлаудан кейін «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Бір жылдан кейін партияның «Сарыарқа» аудандық филиалына, кейін партияның қалалық филиалы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі және Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып ауыстырылды.
Соңғы 12 жыл бойы Үгіт-насихат және саяси-технологиялық жұмыс жөніндегі штабтың басшысы ретінде барлық сайлау науқандарына қатысты.
Мемлекет басшысының алғыс хаттарымен, "Астанаға 10 жыл", "ҚР Парламентіне 10 жыл", "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" мерейтойлық медальдарымен және "Белсенді қызметі үшін" жоғары партиялық наградасымен марапатталған.
Астана қаласы «AMANAT» партиясы филиалының Саяси кеңесінің, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі болып табылады.
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
2022 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты негізде жұмыс істейтін Астана қаласы мәслихатының 15.12.2021 жылғы №124/16-VII шешімімен, Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды.
Телефоны: +7 (7172) 36-85-14
E-mail: 17112030@mail.ru