Ғабит Хәкімұлы Сәтмағамбетов
1979 жылы 19 қаңтарда Павлодар облысында дүниеге келген.
Білімі:
- 2000 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі «Халықаралық заңгер».
- 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.
- 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығы бойынша бітіріп, «Техника және технология» бакалавры академиялық дәрежесі берілді.
Ғабит Сатмағамбетов еңбек жолын 2001 жылы Қарағанды қаласы ІІБ Орталық ПБ жедел уәкіл қызметінен бастады.
- 2003 жылдан 2013 жылға дейін Қарағанды қаласындағы «ЮНИКС» адвокаттық кеңсесінде адвокат болып жұмыс істеді, кейіннен оның басшысы болды.
- 2014 жылы «GPark (ДжиПарк)» құрылыс компанияларының тобын ұйымдастырды.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- 2016 жылы "Жыл кәсіпқойы" ордені»;
- 2017 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне мерейтойлық медальмен марапатталды,
- "Қазақстанның Құрметті азаматы" ордені»,
- 2019 жылы "Құрметті құрылысшы" төсбелгісі табысталды»,
- құрылыс саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, Нұр-Сұлтан қаласының әкімінен Құрылысшылар күніне орай алғыс хаттар,
- 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері,
- 2020 жылы Елбасының Алғыс хаты табыс етілді.
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.
«AMANAT» Партиясының мүшесі»
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.