Ләззат Мұратқызы Разбекова-Төлеуханова
1974 жылы 30 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген.
Білімі:
- 1997 жылы Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетін «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласы Ш. Уәлихановтың атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
- Жетісу экономикалық институтында, Халықаралық құқық және нарық академиясында оқытушы болып жұмыс істеді.
- 2002-2005 жылдары Алматы облысының ішкі Саясат департаментінде бас маман болып жұмыс істеді.
- 2005 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша жүйесінде түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
- 2016-2017 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы.
- 2017-2020 жылдары - Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы.
- 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінің директоры.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 10 жылдығына орай «Үздік мемлекеттік қызметші» медалі;
- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық грамоталармен (2011ж.);
- «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.).
«AMANAT» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7-747-708-58-33
E-mail: razbekova.techcollege@gmail.com