
Азамат Манасұлы Орынбасаров
1992 жылы 4 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
2015 жылы Қазақстан Сәулет-құрылыс академиясын «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын ДМП Строй құрылыс компаниясында басшының көмекшісі ретінде бастады.
- 2014 жылдан бастап жалпы бөлім бастығы, кейін «Керуен Групп» ЖШС басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
- 2016 жылы «Керуен Групп» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.
- Қазіргі уақытта «Qamqor Qurylys» құрылыс компаниясының бас директоры
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» мерекелік медалі;
- «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі;
- Короновирус пандемиясымен күреске қосқан елеулі үлесі үшін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан алғыс хат;
- Нұр-Сұлтан қаласының түрлі салаларын дамытуға және қолдауға қосқан қомақты үлесі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан алғыс хат;
- Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасарынан алғыс хат.
«Nur Otan» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7-702-077-00-80
E-mail: orynbassarov07@mail.ru