
Батыр Қуанышұлы Котырев
1972 жылы 18 сәуірде дүниеге келген.
Білімі:
- 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары институтын;
- 2010 жылы Қарағанды экономикалық университетін;
- 2015 жылы European University (Switzerland) атындағы МВАНЭУ бітірген.
- «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі (2013-2015 жылдар).
Еңбек жолын 1994 жылы Целинный темір жолының 3-ші сигнализация және байланыс дистанциясының электромеханигі лауазымынан бастады, Өндірістік учаске бастығы, өндірістік-техникалық бөлім бастығы, бас инженердің көмекшісі, басқарма бастығы, ГШЧ-16 дистанциясының бастығы, «АВВ» ЖШС өкілі болып жұмыс істеді. Директоры,«ҚТЖ» ҰК » АҚ - «ГЦУС» филиалының директоры, Телемеханика және телекоммуникация департаменті директорының орынбасары, директоры,«ҚТЖ »ҰК» - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директорының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары,«ҚТЖ»ҰК - «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалының директоры қызметтерін атқарған.
Қазіргі уақытта Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бас инженері болып жұмыс істейді.
- «Құрметті теміржолшы». Еңбек сіңірген энергетик.
- Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ғылыми-техникалық кеңесі төрағасының орынбасары болып табылады;
- Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы техникалық кеңесінің төрағасы;
- Шаруашылықтарды қысқы кезеңде жұмысқа дайындау жөніндегі штаб төрағасының орынбасары;
- «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС дайындаған дт370ик санатындағы Р65 типті теміржол рельстерін қабылдау комиссиясының төрағасы;
- «Самұрық-Қазына» АҚ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және Қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі;
- ҚТЖ « ҰК » АҚ «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында АТ-шешімдерін енгізу» жобасының басқарушы комитетінің төрағасы;
- «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау бағдарламасы комиссиясының мүшесі;
- «Ремлокомотив» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы;
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Nur Otan» бастауыш партия ұйымының төрағасы.
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.
«Nur Otan» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Телефоны: +7-775-440-80-58.
E-mail: Khairullina_AS@railways.kz