
Жанділдаев Бақдәулет Болатұлы
1998 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.
Білімі:
- 2017 жылы «Тұран-Профи» колледжін «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» мамандығы бойынша бітірген.
- 2021 жылы Қазақ технология және бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметі:
- «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің қызметкері (2014 – 2015 жж.).
- «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бастығы (04.2015 – 09.2015 жж.).
- "Қоғамдық даму орталығы" қоғамдық қоры аппаратының басшысы (09.2015 – 07.2016 жж.).
- «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы хатшылығы басшысының орынбасары (09.2015 – 12.2015 жж.).
- «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы хатшылығының басшысы (12.2015 – 04.2016 жж.).
- «Қоғамдық даму орталығы» қоғамдық қоры бас директорының орынбасары (07.2016 – 08.2017 жж.).
- «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары (04.2016 – 05.2017 жж.).
- «Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (12.2016-02.2017 жж.)
- «Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (05.2017-03.2019 ж.ж.).
- «Astana-Adaldyq alany» жобасы экспеттік Кеңес мүшесі, менеджері (02.2018-03.2021)
- «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
- «Жастар серпілісі» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы (06.2018-02.2021)
- «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты филиалының төрағасы (03.2019 ж.қазіргі уақытқа дейін).
- «Astana-Adaldyq alany» жобасы жетекшісінің міндетін атқарушы (2021- қазіргі уақытқа дейін)
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтан алғыс хаттар (2016 жыл, 2019 жыл, 2020 жыл, 2021 жыл)
- ҚР Президенті Қ.Тоқаевтан алғыс хаттар (2019,2020 жылдар)
- «Халық алғысы» медалі (2020 ж.)
- «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» төсбелгісі.
- Әртүрлі деңгейдегі әкімдер, қоғам қайраткерлері, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан алғыс хаттар.
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы Саяси Кеңес бюросының мүшесі, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес Төрағасы.
«Nur Otan» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.