Алмат Асқарұлы Жүнісов
1978 жылы 13 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
- 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша аяқтады, біліктілігі «Экономист».
Еңбек жолын 1998 жылы «Банк Центр Кредит» АҚ Көкшетау қ.филиалының кіші кредиттік офицері ретінде бастады.
Кейіннен 17 жыл бойы, 2015 жылға дейін Көкшетау, Қызылорда, Алматы қалаларында банк секторында жұмыс істеді, онда қызмет бағыттарының бірі шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру, сондай-ақ өңірлік банк желісін дамыту болды.
2010 жылы «Astana » ӘКК» АҚ басқарма мүшесі - басқарма төрағасының орынбасары ретінде жұмыс істеді.
2016 жылғы қаңтардан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП-ға Астана қаласы Кәсіпкерлер алатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары ретінде жұмысқа қосылды.
2019 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасын басқарады.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- Мерекелік медаль «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.);
- ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына қатысқаны үшін алғыс хаты (06.2019 ж.);
- ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарды қолдау жөніндегі «BizBirgemiz» республикалық акциясына қатысқаны үшін алғыс хаты (06.2020 ж.).
Қосымша ақпарат:
- "Astana" ӘКК " АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі. (2019 жылдан бастап);
- "Астана Innovations" АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі (2019-2020 жж.);
- "Астана Технополис "АЭА БК" АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі (2019-2020 жж.);
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың мүшесі (Комиссиялар, Кеңестер) (2016 жылдан бастап);
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі (2019 ж.бастап).
Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.
«AMANAT» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтардан бастап Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.
Телефоны: +7 (7172) 91-90-80.