
Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова
1961 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылында дүниеге келген.
Білімі:
- 1984 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын "Автоматтандырылған басқару жүйелері" мамандығы бойынша аяқтады, біліктілігі «инженер- системотехник».
Еңбек қызметі:
Еңбек жолын Мойынқұм аудандық өнеркәсіп комбинатында инженер-нормалаушы болып бастады.
- 1986-1992 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының аспирантурасы;
- 1992-2005 жылдары - Қазақ экономикалық университетінің «Компьютерлік жүйелер және технологиялар» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті.
Т. Рысқұлов атындағы (Қазақ басқару академиясы) Еуразия нарық институтының
«Экономикадағы математикалық әдістер» кафедрасының меңгерушісі;
- 2005-2009 жж. - «Тұран-Астана» университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, «Тұран-Астана» университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, стратегиялық мәселелер және инновациялар жөніндегі проректоры, «Тұран-Астана» университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының директоры;
- 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін -«Тұран-Астана» университеті» мекемесінің ректоры.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011);
- «Еңбек ардагері» медалі (2016);
- ҚР Тұңғыш Президентінен алғыс хаты (2016);
- «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2008);
- «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2010);
- «А. Байтұрсыновтың алтын медалі» (2018);
- «А. Байтұрсыновтың күміс медалі»(2013);
- «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі (2015);
- «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасарынан алғыс хаты (2016-2019);
- Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2014);
- ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2008).
Тұрмыста, екі қызы бар.
«Nur Otan» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7 (7172) 39-81-18.
E-mail: info@tau-edu.kz