Ерлан Ерғазыұлы Дәкенов
1977 жылы 9 қаңтарда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
Білімі:
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша;
- Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетте «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек қызметі:
- 1998-2000 жылдары - «ЖАҚ» Қиял Әлемі әртісі;
- 2000-2002 жылдары - «Ақтоғай көлік компаниясы» ЖШС, менеджер;
- 2002-2008 жылдары - «Ақтоғай көлік компаниясы» ЖШС, заңгер;
- 2005-2008 жылдары - «Агенттік Тойбастар» ЖШС, директор;
- 2008-2011 жылдары - «Тәуелсіздік Сарайы» МКҚК, баспасөз хатшысы;
- 2011-2012 жылдары - «Тәуелсіздік Сарайы» МКҚК, кадрлар жөніндегі инспектор;
- 2012-2016 жылдары - «Ақжауын» Мемлекеттік камералық оркестрі» РМҚК, директор;
- 2016-2017 жылдары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК, директордың шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары;
- 2017-2019 жылдары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК, ұйымдастыру мәселелері бойынша директордың орынбасары;
- 10.2019 бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің «мемлекеттік академиялық филармониясы» МКҚК, бас директор.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты;
- Астана қаласының әкімі И. Тасмағамбетовтың алғыс хаты;
- «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
- «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісі.
«AMANAT» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7-776-133-97-77
E-mail: dakenov77@mail.ru