Саят Нұрланұлы Бәтпенов
1986 жылы 18 наурызда Астана қ. дүниеге келген.
Білімі:
- 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін,
- 2008 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін,
- 2013 жылы Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Мамандықтары бар:
- «Қаржы және қаржы құқығы»;
- «Экономика»;
- «Іскерлік әкімшілендіру»(МВА).
- «Халықаралық мұнай-газ бизнесі»,
Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 2006 жылы заңгер; жетекші заңгер; "Цеснабанк" АҚ Астаналық филиалының заң бөлімінің бастығы болып бастаған.
Солтүстік Каспий жобасы департаментінің менеджері; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілетті органның техникалық тобының менеджері (Атырау қ. және Лондон қ., Ұлыбритания), «Алиби Холдингі» ЖШС Қаржы департаментінің маманы және Инвестициялық департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
QazProm-Minerals ЖШС бас директоры.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.
«AMANAT» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7 (7172) 21-07-13
Е-mail: s.batpenov@gmail.com