
Азамат Серікұлы Айтхожин
1975 жылғы 15 мамырда Целиноград қ. дүниеге келген.
Білімі:
- 1996 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін;
- 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек қызметі:
Еңбек жолын 1996 жылы Ақмола қаласы бойынша МТКБ-да бастады.
- 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінде бас маман болып жұмыс істеді.
- 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінде басқарма бастығының орынбасары - бөлім бастығы лауазымына тағайындалды.
- 2002 жылы «Ел-Азаматы» ЖШС-де директор, 2005 жылы Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-нің бастығы болып жұмыс істеді, кейін «Қажымұқан» стадионы» МКҚК директоры қызметін атқарды.
- 2012 жылы «Астана» футбол клубында президент болып жұмыс істеді, "Қазақстан Футбол Федерациясы « Қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры, бас хатшысы,вице-президенті лауазымдарын атқарды, "Қазақстанның кәсіби футбол лигасы "Қауымдастығы" ЗТБ президенті лауазымын қоса атқарды.
- 2018 жылдың маусымынан бастап «Қазақстан Футбол Федерациясы Қауымдастығы» ЗТБ бас хатшысы болып жұмыс істейді.
«Nur Оtаn» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты болып сайланды.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік - мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7 (7172) 79-07-80
E-mail: Aitkhozhin@kff.kz