Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және сегізінші сайланымының қалалық мәслихат депутаттарының назарына!

2026 жылғы 11 қыркүйек сағат 11:00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады. 

Сессияның қарауына келесі сұрақтар шығарылады: 

  1. Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 352/47-VIII «Астана қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Айжан Әлімқызы Түгелбаева – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы.

  1. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы.
  2. Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 27 ақпандағы № 387/50-VIII «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 424/54-VIII «Астана қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Баяндамашы: Тимур Уалиханұлы Мусин – «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары.

  1. Астана қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы.

        Баяндамашы: Жаңабай Бердіқұлұлы Мейірманқұлов– «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ басшысы

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

 

 

 

 

 

 

Анықтама үшін телефон нөмірі:  55-66-37.