Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Елорда тұрғындарының назарына!

2026 жылғы 6 тамызда сағат 15:00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді 

Елорда тұрғындарының назарына!

Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. 

Күн тәртібі:

«Көлік ағындарын басқару мәселелері, құқық бұзушылықтарды тіркеу жүйесін ұйымдастыру, жол жамылғысын салу мен жөндеу сапасы, сондай-ақ автотұрақ орындарын ұйымдастыру туралы» 

Баяндамашылар:

  1. Асхат Жиенбайұлы Қарағойшин – «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысы
  2. Қайрат Қалелханұлы Каребаев – «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалының директоры
  3. Дәурен Құанбекұлы Сәбитов – «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» ЖШС директоры. 

Отырыс 2026 жылғы 6 тамызда сағат 15:00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).

Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz.