Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана  қаласы тұрғындарының назарына!

2026  жылдың  11 наурызында  сағат   15.00-де    қалалық  мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі  нормативтік  құқықтық акт  жобалары  енгізіледі:

              1. Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII
«Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылыстық  жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.

              2. «Астана қаласының  автотұрақтарына (паркингтеріне) бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 325/41-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

              3. Астана қаласында автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген жер үшін салықтың базалық ставкалары туралы.

4. «Астана қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 502-2661 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

5. «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтары, белдеулер, олардың шекаралары және шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 205-4542 қаулысына толықтырулар енгізу туралы.

6. «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы
24 қарашадағы № 104/15-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7. Астана қаласында тұрғынжайды реновациялауға жататын  объектілердің тізбесін бекіту туралы.

Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79

Астаны қаласы Қоғамдық

кеңесінің төрағасы

З. Ғайыпов