Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2026 жылы 19 наурыз сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезекті сессиясы шақырылады. 

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

1. Елорданың тұрғын алаптарын дамыту мәселелері мен келешегі туралы (сумен жабдықтау, кәріз, көлік инфрақұрылымы).

2. Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.

3. Жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте Астана қаласында  жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы.

4. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және  уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы.

5. «Астана қаласының  сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылыстык жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы.

6. «Астана қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 352/47-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7. Астана қаласында 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.

8. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару  шарттарының жобаларын келісу туралы.

9. «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы ипотекалық тұрғын үй қарызын (ипотекалық қарызды) қайта қаржыландырудан бас тартылған қарыз  алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 121/15-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

10. «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы №199/24-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

11. «Астана қаласы әкімдігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомоствоаралық комиссиясының құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы №201/24-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

12. «Астана қаласында қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын  бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 380/49-VIII шешімінің күшін жою туралы.

13. Мемлекеттік қызметті атқару мерзімін ұзарту туралы.

14. Қалалық мәслихат сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.

15. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.