Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2025 жылы 18 наурызда сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. Астана қаласының көлік жүйесін кешенді дамыту перспективалары.
  2. Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
  3. «Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы  № 62/7-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. «Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 243/32-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы  № 249/36-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. «Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 76/9-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  8. «Астана қаласы әкімдігінің автокөліктік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің сервистік келісімшарты» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 132/16-VIII  шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. «Астана қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 90/11-V Астана қаласы мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  10. Астана қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы.
  11. Астана қаласы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы.
  12. Астана қаласында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия кұру туралы.
  13. «Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының тұрақты комиссияларының құрамдары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4/1-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  14. Қалалық мәслихат сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  15. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.