Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

2025 жылғы 5 ақпанда сағат 16:00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді

Елорда тұрғындарының назарына!

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді

 Күн тәртібі:

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ қызметін талдау. Жұмыссыздықтың алдын алу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралардың тиімділігі. Еңбек нарығын талдау

Баяндаушылар:

Скуб Илья Васильевич – «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысы;

Олжас Қобландыұлы Омар – Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры.

Отырыс 2025 жылғы 5 ақпанда сағат 16.00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).

Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz