Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2025 жылдың 15 қаңтарында сағат 15.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселелер және нормативтік құқықтық акт  жобасы енгізіледі:

  1. Елорданы газдандыру жөніндегі жобаны іске асыру туралы.
  2. Инвестицияларды тарту және заманауи инфрақұрылымды құру үшін озық технологияларды пайдалану жөніндегі арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы туралы.
  3. Астана қаласында коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2025-2029 жылдарға арналған бағдарламасы туралы.

Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79.

Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов