Астана қаласы халқының назарына!
Астана қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылғы қыркүйектің үшінші онкүндігінде «Астана қаласында саябақтар мен скверлерді кешенді көгалдандыру, абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» тақырыбына сессия өткізу жоспарлануда.
Күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен мәселелерді қалалық мәслихат аппаратына жолдауларыңызды сұраймыз. Тел.: 55-66-35, эл. пошта: astana@maslihat01.kz.