Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2024 жылғы 19 маусымда 11:00 қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. Астана қаласының 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы.
  2. Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау беру туралы.
  3. Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы.
  4. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е. Каналимов

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.