Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындары мен Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары  2024 жылғы 12 маусымда сағат 16:00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік көшесі, 11,  220 кабинет) «Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау беру туралы»  тақырыбына көпшілік тыңдау өткізеді.

Анықтама алу үшін телефон:  55-66-36.

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е. Каналимов