Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы халқының назарына!

2024  жылдың   10 сәуірде  сағат   15.00-де    қалалық әкімдігінің мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 221 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі нормативтік құқықтық акт  жобалары енгізіледі:

  1. «Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 108-1875 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
  2. Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы.

Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-28.

Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы З. Ғайыпов