Астана қаласы халқының назарына!
13.03.2024
2024 жылдың 19 наурызында сағат 15.00-де қалалық әкімдігінің мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 221 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- «Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалақық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүреге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы.
- «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023–2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 107-1221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
бөлшек сауда бағаларының 2024 жылғы бірінші және екінші тоқсандарға арналған шекті мәндерін бекіту туралы. - Астана қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы.
- Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы.
- Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-28.
Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы З. Ғайыпов