Хабарлама
22.02.2024
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы мәслихатының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты (бұдан әрі - Мәслихат) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі және Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссиялары құрамындарында орындар босағаны туралы хабарлайды.
Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясына өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер 2024 жылғы 23 ақпаннан 2024 жылғы 7 наурызға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштердің нысандары maslihat01.kz Мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және оларда орындалған күні, орындаушының тегі, инициалдары және телефон нөмірі көрсетілген белгі болуы тиіс.
Ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 7 наурыз сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-ғимарат, 219-кабинетте жүзеге асырылады, тел.: (8-717-2) 55-66-36.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және Астана қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамына (бұдан әрі - ОСК) шығып қалғандардың орнына сайланатын мүшелер саны+
№ |
ОСК №
|
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері (мекенжайы, сайлау комиссиясы орналасқан ғимарат) |
Сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің саны |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары – 3 бос орын |
|||
1. |
№ 1 |
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев, № 2 |
1 |
2. |
№ 2 |
Қазақ технология және бизнес университеті, Қ. Мұхамедханов, № 37а |
2 |
Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссиялары – 20 бос орын |
|||
1. |
№ 1 |
(орталық – № 70 мектеп-лицей, Майқайың көшесі, № 1) |
1 |
2. |
№ 2 |
(орталық – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қажымұқан көшесі, № 13) |
2 |
3. |
№ 5 |
(орталық – Бейімбет Майлин атындағы № 52 мектеп-гимназиясы, Бурабай көшесі, № 38) |
2 |
4. |
№ 6 |
(орталық – № 55 орта мектеп, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, № 2) |
1 |
5. |
№ 9 |
(орталық – Қазақ технология және бизнес университеті, Қ. Мұхамедханов көшесі, № 37а) |
5 |
6. |
№ 10 |
(орталық – «Барыс» мұз айдыны, Тұран даңғылы, № 57) |
1 |
7. |
№ 11 |
(орталық – «Абат» бизнес орталығы, Родниковая көшесі, № 1/1) |
2 |
8. |
№ 12 |
(орталық – «Астана қаласының халықаралық мектебі», Түркістан көшесі, № 32/1) |
3 |
9. |
№ 13 |
(орталық – «ASPAN» спорт орталығы, Е697 көше, № 5 үй) |
2 |
10. |
№ 17 |
(орталық – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Жеңіс даңғылы, № 62) |
1 |
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е. Каналимов