Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 10.00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі: 

  1. Астана қаласында тұрғын үй алаптарын дамытудың кешенді жоспарларын орындау туралы.
  2. Астана қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы.
  3. «2021-2025 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту  жоспары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы  № 129/18-VII шешіміне  өзгерістер енгізу туралы.
  4. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  5. Астана қаласында қандас мәртебесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы.
  6. Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдері жойылды деп тану туралы.
  7. Астана қаласы мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  8. 8. Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы  туралы.
  9. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы. 

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов 

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.