Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

2023 жылғы 23 қарашада 09:00 қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады

Сессияның қарауына келесі мәселелер  енгізіледі:    

  1. Астана қаласы әкімінің елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі есебі туралы.
  2. «Астана қаласында алты жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №34/4-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Астана қаласында аппараттық-бағдарламалық фотобейнетіркеу және бейнеталдау кешенін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 171/21-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. «Астана қаласы әкімдігінің көліктік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің қызмет көрсету келісімшарты» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы  № 304/37-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларын келісу туралы.

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е. Каналимов