Астана қаласы халқының назарына!
25.08.2023
1. Астана қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылғы қыркүйектін үшінші онкүндігінде «Астана қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жүйелі шараларды қолдану туралы» тақырыбына сессия өткізу жоспарлануда.
Күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен мәселелерді қалалық мәслихат аппаратына жолдауларыңызды сұраймыз. Тел.: 55-66-36, 55-66-35, эл. пошта: astana@maslihat01.kz.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов