Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Құрметті елорда тұрғындары!

2023 жылғы 2 маусымда сағат 16.00-де «Қолжетімді және жайлы қоғамдық дәретханалар - елорданың мәдени бет-бейнесі» бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» тақырыбына Астана қаласы мәслихатының жария тыңдаулар өткізіледі.

Баяндаушылар:

  1. 1. Саматұлы Мақсат – Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі;
  2. Ерлан Әлімбайұлы Жаулыбаев – Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі;
  3. Асылбек Есимханұлы Есенбаев– Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі;
  4. Жүсіп Рахатұлы Жұмағұлов – Астана қаласы «Нұра» ауданының әкімі;
  5. Бауыржан Бейбітұлы Ералы– Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі.

Бірлесе баяндаушылар:

  1. Ерсін Кенжебайұлы Өтебаев – «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы;
  2. Әкімжанов Халел Рахимұлы – «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысы.

Жария тыңдаулар мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді.

Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz.