Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
2023 жылғы 30 мамырда сағат 11.00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Астана қаласының 2022 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы.
- Қалалық мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасын тағайындау туралы.
- Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату туралы.
- Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы.
- «Нұр-Сұлтан қаласында алты жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 14 сәуірдегі № 34/4-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
- Астана қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы.
- «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы ипотекалық тұрғын үй қарызын (ипотекалық қарызды) қайта қаржыландырудан бас тартылған қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы №187/25-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е. Каналимов
Анықтама үшін телефондар: 55-66-35, 55-66-36