Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың жетінші сайланымының депутаттарының назарына!

2022 жылғы 14 желтоқсанда сағат 10:00  Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының  кезекті  сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер  енгізіледі:

  1. Астана қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы.
  2. Астана қаласы мәслихаты хатшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.
  3. Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
  4. Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.
  5. Астана қаласында жаңа аудан құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы.
  6. Астана қаласындағы шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
  7. Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 115/17-VI «Нұр-Сұлтан қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
  8. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  9. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы.
  10. Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеу үшiн азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы.
  11. Астана қаласына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi комиссиясының құрамы туралы.
  12. Астана қаласында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамы туралы.
  13. Астана қаласы әкімдігінің жанынан тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру жөніндегі комиссиясының құрамы туралы.
  14. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №130/18-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  15. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы ипотекалық тұрғын үй қарызын (ипотекалық қарызды) қайта қаржыландырудан бас тартылған қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы №187/25-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  16. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  17.  Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы  туралы.
  18. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.  

Астана қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов

Анықтама телефондары: 55-66-36, 55-66-35.