Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың жетінші сайланымының депутаттарының назарына!
19.09.2022
2022 жылғы 30 қыркүйекте сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Құқық қорғау органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының жай-күйі туралы.
- 2.Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
- Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын басқару тәсімі туралы.
- Астана қаласы әкімдігінің дербес құрамын құру туралы.
- Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары туралы.
- Астана қаласында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары туралы.
- Астана қаласы маслихатының кейбір шешімдерінін күші жойылды деп тану туралы.
- Астана қаласы маслихатының кейбір шешімдерінін күші жойылды деп тану туралы.
- Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
- «Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шілдедегі №66/9-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы.
- Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы №207/27-VII «Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын толеу үшін азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
- «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 16 наурыздағы №149/22-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жер комиссиясының құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы №424/54-VI шешіміне келесі өзгерістер енгізу туралы.
- «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №4/1-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның тұрақты комиссияларын құру туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №3/1-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
- Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов
Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-36.