Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың жетінші сайланымының депутаттарының назарына!

2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының  кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер  енгізіледі:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы
    № 114/16-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласын 2030 жылға дейінгі жылумен жабдықтау схемасын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №475/60-VI шешіміне толықтыру енгізу туралы.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №373/47-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №118/16-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Астана қаласы
мәслихатының хатшысы  Е. Каналимов