Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың жетінші сайланымы депутаттарының назарына!

2022 жылғы 17 тамызда, сағат 10.00 Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №114/16-VII «Нұр-Сұлтан қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
  3. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №4/1-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
  6. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарыңың жобаларын келісу туралы.
  7. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №130/18-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  8. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Ипотекалық тұрғын үй қарызын (ипотекалық қарызды) қайта қаржыландырудан бас тартылған қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы №187/25-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының «Тұрғын үй ғимараттарын және құрылыстарын апаттық деп тану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы» 2022 жылғы 25 мамырдағы №186/25-VII шешімінің күшін жою туралы.

Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты хатшысының м. а.
А. Табулдина

Анықтама телефондары: 55-66-36, 55-66-35.