Нұр-Сұлтан қаласы халқының назарына!
27.06.2022
2022 жылдың 30 маусымда сағат 16.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселе және нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- Қаланың жасыл желектері мен су жүйелерінің жағдайы, оларды паспорттау және цифрландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы.
- Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-IV «Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Астана қаласының аумағындағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 79 қаулысы мен Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 523/75-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Нұр-Сұлтан қаласының стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 502-2496 қаулысына өзгерістер енгізу туралы».
- «Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шілддегі №66/9-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру туралы.
- «Астана қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/9-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-28.
Нұр-Сұлтан қаласының
Қоғамдық кеңесінің төрағасы З. Гаипов