Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

2022 жылғы 25 мамырда сағат 12:00 Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады

Сессияның қарауына келесі мәселелер  енгізіледі:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы
    № 114/16-VIІ «Нұр-Сұлтан қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы
    12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
  3. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
  4. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық  сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы  № 349/43-VI шешіміне  өзгеріс енгізу туралы.
  6. Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың құрамы туралы.
  7. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Кеңестің құрамы туралы.
  8. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жер комиссиясының құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы №424/54-VI шешіміне толықтыру енгізу туралы.
  9. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе  өзге де жылжымайтын мүлікті  иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  10. Тұрғын үй ғимараттарын және құрылыстарын апаттық деп тану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы
  11. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы ипотекалық тұрғын үй қарызын (ипотекалық қарызды) қайта қаржыландырудан бас тартылған қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы.
  12. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №130/18-VII «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.