Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Нұр-Сұлтан қаласы халқының назарына!

2022  жылдың   20  мамырында   сағат   15.00-те    қалалық әкімдіктің мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 221 кабинет) Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселе және нормативтік

құқықтық акт  жобалары енгізіледі:

  1. «Нұра-Есіл арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 205-2327 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы
    12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.
  4. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңес туралы Ережені бекіту туралы.
  5. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-28.

Нұр-Сұлтан қаласының
Қоғамдық кеңесінің төрағасы З. Гаипов