Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың жетінші сайланымының депутаттарының назарына!

2021 жылғы 15 желтоқсанда сағат 10.00  «Zооm» сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында өтетін, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының  жетінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер  енгізіледі:

  1. 1. 2022-2024 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінің жобасы туралы.
  2. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе  өзге де жылжымайтын мүлікті  иеліктен шығару шарттардың жобаларын келісу туралы.
  3. Нұр-Сұлтан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы.
  4. Тұрақты негізде жұмыс істейтін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары төрағаларының санын айқындау туралы.
  5. Тұрақты негізде жұмыс істейтін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясы (-ларының) төрағасын (- ларын) сайлау туралы.
  6. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  7. Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы  туралы.
  8. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы. 

Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов