Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Құрметті елорда тұрғындары!

2021 жылғы 8 желтоқсанда сағат 16:00-де «Абаттандыруға, электрмен жабдықтау объектілерін, сондай-ақ инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау), көгалдандыруға және санитариялық тазартуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы» тақырыбына
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жария тыңдаулар өткізіледі.

Баяндаушылар:

  1. Әлия Төлеутайқызы Қожабаева – «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы;
  2. Төлеген Базарбайұлы Құлұшев – «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы;
  3. Ерсін Кенжебайұлы Өтебаев – «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы;
  4. Жансултан Бердибекулы Сапарбаев – «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысы.

Бірлесе баяндаушылар:

  1. Бекжан Мейрамбекұлы Бапышев – Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары;
  2. Рамиль Майшуланұлы Досмаганбетов – Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары;
  3. Елнар Бекенұлы Уахитов – Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары;
  4. Руслан Мейрамбайұлы Оралов – Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары.

Жария тыңдаулар мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді.

Байланыс деректері: 55-66-35, maslihat_org@mail.ru.