Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың жетінші сайланымы депутаттарының назарына!

2021 жылғы 24 қарашада сағат 10.00 «Zооm» сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында өтетін, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы
    12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Астана қаласында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 356/45-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамы туралы.
  5. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттардың жобаларын келісу туралы.
  6. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы.
  7. Нұр-Сұлтан қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
  8. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы.
  9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының құрамы туралы.

Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов

Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-36.