Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың жетінші сайланымының депутаттарының назарына!
18.09.2021
2021 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10.00 «Zооm» сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында өтетін, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- 1. Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы.
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы.
- Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттардың жобаларын келісу туралы.
- «Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы
- Нұр-Сұлтан қаласында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларға сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөнінде консультативтік кеңестің құрамы туралы.
- Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов
Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-36.