Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

2021 жылғы 30 маусымда сағат 10.00 «Zооm» сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында өтетін, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың жетінші сайланымының депутаттарының назарына!

2021 жылғы 30 маусымда сағат 10.00 «Zооm» сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында өтетін, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
  2. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы «Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асыру барасы туралы есебі» №509/68-VI шешімін іске асыру туралы.
  3. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттардың жобаларын келісу туралы.
  4. Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеу үшін азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы туралы.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы №517/68-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. «Нұр-Сұлтан қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 421/54-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы.
  8. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы.
  9. Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  10. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
  11. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы.

Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов

Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-36.