Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

2021 жылдың 25 мамырында сағат 10.00-де «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС (Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 22) Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласы халқының назарына!

2021 жылдың 25 мамырында сағат 10.00-де «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС (Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 22) Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

Қоғамдық кеңестің қарауына келесі міселелер және нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:

  1. Жасыл желектердің жағдайы және елордадағы саябақтар мен скверлерді күтіп ұстау туралы.
  2. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының 2020 жылы нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі жұмыс және Астананы дамытудың Бас жоспарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2021 жылға арналған жоспарлар туралы есебі.
  3. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қала шегінен тыс емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы.
  4. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына толықтырулар енгізу туралы.
  6. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 102-1472 қаулысының күші жойылды деп тану туралы.

Анықтама мына телефондар бойынша: 55-72-28, 55-74-56.

Нұр-Сұлтан қаласының
Қоғамдық кеңесінің төрағасы С. Есілов