Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

2021 жылдың 24 ақпанында сағат 10.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы халқының назарына!

Қоғамдық кеңестің қарауына мынадай нормативтік құқықтық актілердің жобалары еңгізіледі:

  1. Шектеу шаралары (карантин) кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін бекіту туралы.
  2. «Астана қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-595 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
  3. Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы.
  4. «Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 108-1875 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
  5. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы.
  6. Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын бекіту және әкімдіктің кейбір қаулыларының күшін жою туралы.
  7. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы.
  8. Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күніне Нұр-Сұлтан қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы.
  1. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 484/63-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.
  3. «2021-2023 жылдарға «Elorda Jastary» бағдарлама туралы».

Анықтама мына телефондар бойынша: 55-72-28; 55-74-56

Нұр-Сұлтан қаласының
Қоғамдық кеңесінің төрағасы С. Есілов