Отчет постоянной комиссии по вопросам бюджета, экономики, промышленности и предпринимательства за 2023 год
02.09.2024
Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Астана қаласы мәслихатының Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі қолданыстағы заңнамаға, мәслихаттың 2023 және 2024 жылдарға арналған регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Тұрақты комиссияның құрамына 8 депутат кірді. Депутат Н. Құлешов Мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты шығып кетті. Қазіргі уақытта комиссия құрамы 7 депутаттан тұрады (К.С. Адамбек, Ж.Ж. Құлмағамбетова, Б.А. Смайылов, Т.З.Зейнулкабден, С.П.Геналаева, Б.Т. Төлеген, Б.Д. Жолжақсынов). Бұл заң, қаржы, медицина, бизнес, ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері. Тұрақты комиссия мүшелері «AMANAT» және «Ақ Жол» ҚДП саяси партияларын, сондай-ақ бір мандатты сайлау округтері бойынша 3 депутатты өкілдік етеді. Комиссия мүшелерінің орташа жасы 52 - 55 жас, комиссияның ең жас мүшесі 34 жаста (Бекзат Жолжақсынов) және ең үлкені 58 жаста (Қ.С.Адамбек). Гендерлік құрамы: 3 әйел және 4 ер адам.
Астана қаласының әкімшілігінің басқармаларымен өзара әрекеттесуді күшейту, туындайтын мәселелерді ұтымды және жедел шешу үшін әр депутат бекітілген (мысалы, К.Адамбеков Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, қаржы басқармасы, Б.Жолжаксынов Есіл ауданы әкімшілігі, С.Дженалаева активтер және мемелекеттік сатып алу басқармасы, Т.Зейнұлқабден Байқоңыр ауданы әкімшілігі, Ж.Күлмағанбетова цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы, Б.Төлеген Алматы ауданы әкімінің аппараты, Б.Смаилов Сарыарқа ауданының әкімдігі).
Сонымен қатар, тұрақты комиссия қызметінің бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін депутаттар да осы бағыттар бойынша бекітілді. Мысалы, бюджет мәселелері бойынша - Қ.Адамбеков пен С.Геналаев, экономика мәселелері бойынша - Б.Жолжақсынов пен Ж.Құлмағанбетов, өнеркәсіп мәселелері бойынша – Т. Зейнулкабден, кәсіпкерлік мәселелері бойынша – Б. Смайылов пен Б.Төлеген. Комиссияда тәжірибелі экономистер, э.ғ. д. Ж. Құлмағанбетова және э. ғ. к. Б.Смайылов жұмыс істейтінін айта кету керек.
2023 жылғы сәуірден бастап тұрақты комиссия 20-дан астам отырыс, оның ішінде көпшілік тыңдаулар және 25 көшпелі отырыстар өткізді.
Тұрақты комиссияның мүшелері әкімдік жанындағы 17 түрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кіреді (қаланың коммуналдық меншік объектілерін тиімді басқару бойынша; табиғи монополиялар салаларындағы тариф белгілеу мәселелері бойынша; «Сергек» жобасы бойынша; Астана қаласы әкімдігінің Көліктік қызмет көрсету жөніндегі МЖӘ жобасын іске асыру бойынша; Астана аумағында жерді өздігінен басып алу және заңсыз сауда мәселесі бойынша; әлеуметтік маңызы бар; Астана қаласының азық-түлік тауарларына және т.б. бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету бойынша). Біздің әрқайсымыз комиссиялардың, жұмыс топтарының 3-тен 7-ге дейінгі құрамына кіреміз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде заң жобаларын (ҚР Бюджет кодексі) қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамына қатысамыз.
Жалпы, тұрақты комиссияның барлық мүшелері комиссия қызметіне және мәслихаттың басқа органдарына белсенді қатысады, өз округтерінің тұрғындарымен тұрақты байланыста болады, сайлаушылардың оларға келіп түскен өтініштерін қарайды, азаматтарды тұрақты жеке қабылдауды жүргізеді.
Тұрақты комиссия қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде алдағы жылдарға арналған астана бюджетін дайындауға және бекітуге басты назар аударады.
Бұл ретте, қаржыландырудың басымдығы, тұрғындарымыздан келіп түсетін пікірлер мен проблемалық мәселелерді ескере отырып, әрқашан білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік мәселелерді қолдауға және қаржыландыруға бағытталған.
Тұрақты комиссия жыл сайын астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды дайындайды.
Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне қатысты мәселелерді қарау мақсатында тұрақты комиссия арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың тиімділігі мен перспективаларына, «Astana» ӘКК АҚ мен оның еншілес ұйымдарының жұмысына, елордада қоғамдық көлік пен такси жұмысының субсидиялануына және тиімділігіне, IT жобаларды іске асыруға, қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер Басқармалары жұмысының нәтижелілігіне және т. б қатысты тиісті атқарушы органдардың ақпаратын тыңдады.
Отырыстардың қорытындысы бойынша қаулылар және хаттамалармен орындау үшін тиісті ұсынымдар белгіленді.
Сонымен қатар, орындау тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды. Әрбір актіде бір ай мерзімде жауап беру туралы көрсетіледі. Дегенмен, жауаптар формальды түрде немесе сапасыз беріледі. Бұл жағдайда белгілі бір ұсыныстардың орындалуын бірнеше рет сұрауға тура келеді.
Мәселен, 2023 жылғы 17 қарашадағы хаттамамен қала аудандары әкімдерінің аппараттарына «Астана бас жоспары «ҒЗЖИ» ЖШС, «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ бірлесіп, жолдарды, аулаларды және т.б. абаттандыру аясында жұмыстарды орындау бойынша бірыңғай стиль (жарықтандыру, көгалдандыру және т. б.) әзірлеу мақсатында 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар ұсынылды.
Өз кезегінде, екі рет жасалған сауалдарға аудан әкімдерінің аппараттары жауаптар берді, онда аулалар мен аумақтарды абаттандыру бойынша олар жүргізген жұмыс түрлері көрсетілген.
Тұрақты комиссия барлық іс-шараларға белсенді қатысады және көшпелі отырыстарды ұйымдастырады. Мәселен, нысандарға, оның ішінде мемлекеттік - жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асыру шеңберінде барды. Шет аймақтарды абаттандыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне қатысты мәселені қарау мақсатында елорданың тұрғын үй массивтеріне барды. Осы сапардың қорытындысы бойынша жүйелі проблемалық мәселелерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілеріне тұрғын үй алаптарын абаттандыруға және өз кезегінде бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне бағытталған сапалы жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.
Бүгінгі күні проблемалық мәселелерді шешу үшін тұрақты комиссия мүшелері депутаттардың әртүрлі жұмыс комиссияларының құрамына (Сергек, № 1 және 2 индустриалды парктер және т.б.) және басқа да іс-шараларға қатысуы арқылы атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасайтын жұмыс жасалып жатқанын айта кету жөн болады.
Тұрақты комиссияның барлық отырыстары халық үшін ашық және қолжетімді болды. Мәслихаттың іс-шараларын әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Фейсбукте, оның ішінде тұрақты комиссия отырыстарында практикаға енгізілген онлайн-трансляция халықты осы комиссиялар қарайтын мәселелер туралы жедел хабардар етуге мүмкіндік берді. Тиісті аумақтардың тұрғындары қарастырылып отырған мәселелер бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, жауаптар алуға мүмкіндік алды.
Тұрақты комиссияның басым көпшілігі «АMANAT» партиясының мүшесі болғандықтан, Астана қаласы бойынша «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жол картасының 126 тармағының 40 тармағына жауапты. Былтырғы жылы осы жол картасының 70 пайызының орындалуына лайықты үлесін қосты.
Жол картасының мониторингін талдау 2023 жылы орындауға жоспарланған 117 тармақты көрсетеді:
орындалды - 105 тармақ (90%);
орындалмаған-11 тармақ (9%);
орындауда-1 тармақ (1%).
Жалпы, 5 жылға Жол картасын орындауға 1 трлн-нан астам теңге қарастырылған (ЖБ – 914,6 млрд.теңге, РБ – 400,2 млрд. теңге, ЖО – 156,7 млрд. теңге). Оның ішінде 2023 жылға 613,3 млрд. теңге бөлінді (ЖБ – 305,5 млрд.теңге, РБ – 223,8 млрд. теңге, ЖО – 84 млрд. теңге).
Жол картасын орындау аясында 2023 жылы 22,5 млрд. теңгеден астам сомаға 17 нысан пайдалануға берілді және 800-ге жуық жұмыс орны құрылды.
Анықтама ретінде:
Асфальтбетон өндіру зауыты-«Астана-Авто-Строй» ЖШС);
Бетон өндіру зауыты – «КМТСС»ЖШС;
Пластикалық терезелер мен екі қабатты терезелерді шығару цехы-«Астана-ПластСтрой»ЖШС;
Көпфункционалды, қоғамдық және автомобиль кешенін салу зауыты – «Хино Моторс Қазақстан» ЖШС;
Полимерлі құбырлар мен фитингтер шығаратын зауыт (1 кезек) – «Астана құбыр зауыты» «Арыстан»ЖШС;
Құм блогын шығару жөніндегі өндірістік база – «Пескоблок-НС» ЖШС;
Электр жабдықтарын өндіру (жоғары тұрақты аз тұтынатын термостатталған кварц генераторлары) – «Art Xtal» ЖШС;
Жиілікті реттелетін электр жетектерін өндіру-«Power Conversion System» ЖШС;
Авиацияға арналған парашют-тежегіш жүйелерін өндіру – «ARMYTEX» ЖШС.
«Metal Former» ЖШС шатыр және қаптау материалдарын өндіру.
Жалпы 51 806 жаңа жұмыс орны құрылды.
Шағын және орта бизнес саласында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 72,2 млрд. теңге сомасына 994 жоба мақұлданды:
- пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша – 68,1 млрд. теңге сомасына 519 шартқа қол қойылды;
- портфельдік субсидиялау бойынша 3,5 млрд. теңгеге 361 жоба;
- «Еңбек» бағдарламасы аясында жаңартпалы қаражат есебінен – 457,8 млн.теңге сомасына 28 несие.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 6 млрд.теңгеге 5 жоба қаржыландырылды.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы адамдар үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 132 грант мақұлданды.
«Астана бизнес 2» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша жаңартпалы қаражат есебінен 434,9 млн. теңге сомасына 37 жоба кредиттелді.
11 тармақ бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ, бірақ біздің комиссияның тікелей жауапкершілік аймағында ондайлар жоқ.
Сайлау алдындағы уәделерді орындау шеңберінде биыл мыналар іске асырылуда:
- кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шеңберінде 8000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құру;
- өнім шығаруды 4,3 млрд. теңгеге ұлғайта отырып және 200 жаңа жұмыс орнын құра отырып, №1 Индустриялық паркте өндіріс құру;
- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 250-ден астам жобаны қолдау;
- «Қарапайым кәсіпкерлер экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 6 жобаны қолдау және 60 кәсіпкерді жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету;
- 1700 адамды қамти отырып, ХӘОТ кәсіпкерлікті дамыту және кәсіптік даярлау үшін 6 семинар өткізу;
- әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін қаланың 5 ірі сауда желісіне жеңілдікпен кредит беру;
- 19 спорт алаңын орната отырып, 72 ауланы абаттандыру;
- 13 қоғамдық кеңістік салу, 72 аула мен 19 спорт алаңын абаттандыру;
2024 жылғы 1 маусымға ағымдағы жылдың 5 айында мыналар іске асырылды.
Астана қаласы бойынша сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдау 2024 жылы орындалатын 116 іс – шараның ішінде – 21 (18%) орындалғанын, орындау сатысында – 95 (82%), оның ішінде 4 тармақ толық орындалғанын көрсетті.
Жол картасын іске асыруға 2024 жылы 390,6 млрд.теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен – 203,5 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 185,1 млрд. теңге бөлінді.
2024 жылдың басынан бастап жеке бастамалар шеңберінде 8 962 жаңа жұмыс орны құрылды, сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмыстарға жастар арасынан 670 адам жіберілді.
Ағымдағы жылдың 5 айында шағын және орта бизнес саласында 31 жұмыс орнын құрумен 5,4 млрд. теңге сомасына 3 жоба іске қосылды:
- «Led System media» ЖШС көкөністерді, салаттарды өңдеу және консервілеу цехы;
- «ЛС Групп» ЖШС лифт құрылысы зауыты;
- «Ақ Bars Astana» ЖШС спорт кешені
Ағымдағы жылдың 5 айында Бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде 31 776,3 млн. теңгеге 466 жоба мақұлданды, оның ішінде:
- екінші бағыт шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша ЕДБ арқылы кредиттік желі бойынша 29 863 млн. теңге сомасына 304 шартқа қол қойылды;
- микрокредиттерді портфельдік субсидиялау бойынша 1 903,3 млн. теңгеге - 162 шарт.
Кәсіпкерлерді қолдау үшін әкімдік «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп «Астана бизнес 2» жергілікті жеңілдікті кредит беру бағдарламасы іске асырылуда, қаржыландыру 1:1,5 тепе-теңдік негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7% құрайды.
Бүгінгі таңда Жергілікті бағдарлама аясында жалпы сомасы 741 млн. теңгеге 25 кредит берілді..
2023-2024 жылдарға арналған ӘМАТ бағасын тұрақтандыру және қаланың үлкен нарығын қамту үшін 15 кәсіпкерлік субъектісіне ("Magnum Cash&carry" ЖШС, "Мир круп" ЖШС, "AsylDanTrade" ЖШС, "Үштөбе Құс" ЖШС, "Меркі қант" ЖШС, "Жетібай" ЖШС, "Агро-Даму", "Своя Лига" ЖШС. "BlicTerminal" ЖШС, "Гормолзавод" ЖШС, "Қарасу АТА" ЖШС, "Нұрбек" ШҚ, "Береке" ШҚ, "Қазпромагро" ЖШС "Абдуллаев Әсет" ЖК), оның ішінде 2024 жылы-8 субъект ("Magnum Cash&carry" ЖШС, "AsylDanTrade" ЖШС, ЖШС "Меркі қант"," Агро-Даму "ЖШС,"Своя Лига" ЖШС. "BlicTerminal" ЖШС, "Гормолзавод" ЖШС, "Қарасу АТА" ЖШС) белгіленген бағамен нарықтық бағадан 15-20% төмен АМӨЗ-нің барлық 19 түрін сату үшін қарыз берілген.
Барлығы 26 мың тоннадан астам азық – түлік тауарларына, оның ішінде 14 мың тоннадан астам көкөністерге (картоп – 7362 тонна, пияз – 2580 тонна, сәбіз – 2435 тонна, қырыққабат – 2370 тонна, күріш – 1851,5 тонна, қарақұмық – 1100 тонна, қант-5525 тонна, ұн-538 тонна, түтік кеспе – 200 тонна, күнбағыс майы -325,9 тонна, тұз-150 тонна, тауық еті-100,0 тонна, сиыр еті – 71,2 тонна, жұмыртқа – 1116,5 тонна, сүт-330 тонна, айран – 150 тонна, сүзбе-60 тонна, май -110 тонна) келісімшарттар жасалған.
Тауарларды сатуға 120 сауда нүктесі («Магнум» - 78 филиал, «Астықжан» - 2 филиал, «Вкусмарт»» - 10 ф., «Анвар» - 2 ф., «Аян» - 5 ф., «Фер-маг» - 20 ф., «Шапағат» базары, «Сарыарқа», «Сауран») іске қосылған.
Цифрландыру саласында мемлекеттік органдардың 42 функциясы автоматтандырылды.
Қазірде аталған Жол картасы бойынша 20 тармағының әр түрлі себептермен орындалмау қауіпі бар. Олардың ішінде біздің комиссияның құзырында 7 тармақ бар. Оларды әрқайсысы бойынша бөлек және бастамашыл жұмыс жүргізілуде, күнделікті бақылау мен қадағалауға алынған.
Біздің тұрақты комиссиямыздың қоржынына Астана қаласы мәслихатының «Ақ жол» депутаттық фракциясының мүшесі, депутат Жанаргүл Құлмағамбетова өз үлесін қосуда.
Фрак Facebook, Instagram және басқа да әлеуметтік желілер, филиал мен мәслихаттың қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы келіп түсетін өтініштер, ШОБ қолдау мәселелері, жалпы қалалық мәселелерге бағытталған.
«Ақ жол» отандық тауар өндірушілерді қолдауға қатысты мәслихат шешімдеріне бірқатар бастамалар жүргізді.
Сонымен қатар, елорданың азаматтық қорғаныс саласында жұмыс жүргізілді (қорғаныс құрылыстары мен хабарлау жүйелерінің жағдайы). Астана бас жоспарының, өнеркәсіптік аймақтарды дамытудың және елорданың нүктелік құрылысының проблемалық мәселелері (балабақшалар мен мектептердің орнына бірнеше ТК құрылысы тоқтатылды) бастамашылық етті. Алданған «Болашақ Баспана» ТҚК үлескерлеріне көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. «Каспиан Палас» ТК тұрғындарымен бірге ТК-нің заңсыз құрылысы мен қоғамдық тыңдаулардың күшін жоюға қол жеткізді. Нәтижесінде ЕЖЖ «16 қабатты МЖК»-дан «Білім беру орталығы, 3 қабатқа» өзгертілді.
«Жайлы мектеп» Ұлттық байқауы аясында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, әкімдік басқармаларының, «Атамекен» РКП, «Самұрық-Қазына Констракшн» АҚ және жергілікті өндірушілердің қатысуымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына қатысу бойынша 3 «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
Депутат салықтық әкімшілендіру, жалпыға бірдей декларациялау, әлеуметтік кәсіпкерлік (мәртебені қалай алуға болады) мәселелері бойынша, кәсіпкерлікті қолдау және азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар туралы консультациялық қызметтер көрсетеді.
Сайлаушылардың тілектері мен жол картасын орындау кезінде тұрақты комиссия және жалпы мәслихат қызметінің нәтижелеріне бір мандатты депутаттар Бауыржан Смайылов, Салтанат Генелаева және Бахаргүл Төлеген елеулі үлес қосатынын айта кету керек.
Соңында тұрақты комиссия депутаттарының қызметінде, ең алдымен партиялық тізімдер бойынша депутаттар арасында пайдаланылмаған резервтер бар екенін атап өткім келеді.